Алакөл ауданы туралы мәлімет



            Жерінің аумағы 36,8 мың км2. Тұрғыны 79,6 мың адам (2002). Аудан орталығы — Үшарал қаласы Аудан қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында жатыр. Ол шығысында Қытаймен, оңтүстігі мен бақан. Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын ЛепсіТентекШынжылыКөксуат өзенідері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі АлакөлСасықкөл көліне құяды.[3] Аягөз аудандарымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, ЖабықКүнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (АрғанатыАрқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. 

Солтұстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Ұялы, СасықкөлЖалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын ЛепсіТентекШынжылыКөксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусанебелекбаялышкүйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлыорман қамтыған. Жануарлардан қасқыртүлкіқоңыр аюқабанборсықтаутекеарқармарал; құстардан үйрекқазаққу, реликті шағалақырғауыл мекендейді; суларында сазаналабұғамаринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар. Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аумағы 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай – Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км.[4]

    Алматы облысы Алакөл ауданы елді мекендері
Айпара • Ақжар • Ақтүбек • Ақши • Алакөл • Арқарлы • Әлемді • Әшім • Байзерек • Бесағаш • Бескөл • Бесінші • Бибақан • Бұлақты • Бүдір • Достық • Екпінді • Еңбекші • Ескі Жанама • Жайпақ • Жалаңашкөл • Жамбыл • Жанама • Жұмахан Балапанов • Жыланды • Жынжүрек • Кеңес • Көкжар • Көктұма (ауыл) • Көктұма (станция) • Көлбай • Қабанбай • Қазақстан • Қайнар • Қамысқала • Қарабұлақ • Қаратұма • Қарлығаш • Қоңыр • Қызылқайың • Лепсі • Майқан • Майлышат • МТФ 3 • Разъезд 13 • Сайқан • Сапақ • Талдыбұлақ • Теректі • Тоқжайлау • Үшарал • Үшбұлақ • Үшқайың • Шымбұлақ • Шынжылы • Ынталы


Толық мәлімет