Туризмдік ақпарат 2017ж
Алакөл ауданның болашағы үлкен инвестициялық бағыттардың бірі туристік сала болып табылатындығы сөзсіз. Әлемдегі ең дамыған отыз мемлекет дегеніміз – бұл әлемдік туризімі дамыған елдер. Сондықтан Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да отандық туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталған.Осыған орай,
Алматы облысында туризмді дамыту бойынша Мастер - жоспарды әзірлеу жұмыстарын жүргізген.
Осы Мастер-жоспарға Алакөл көл жағалауының инфрақұрылымын дамыту үшін 17 іс-шаралар енгізіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
2016 жылы ауданда туризм саласы бойынша Ақши және Көктұма демалыс аймағындағы 132 демалыс орнында 452 мың 700 адам демалып, 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Оларға 1 млрд 563 млн. теңгенің қызметі көрсетілді. Сонымен қатар, 465 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Алакөл көлінің жағалауында демалыс үйлері, демалыс аймақтары, пансионаттар Ақши және Көктұма ауылдарында орналасқан. Бір уақытта 5100 адамға қызмет көрсете алады.
Жылдан жылға сервистік қызмет көрсету деңгейімен қатар, заман талабына сай демалыс орындарының саны да артып келеді. 2016 жылы туризм саласында 30 демалыс орындары 1 млрд 136 млн теңгеге салынып қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта өз қаражаттары есебінен 2 ірі жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, олар: «Фалкон Петролиум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 2 млрд 300 млн. теңгелік 400 орынды демалыс орны, жеке кәсіпкер «Каримов» Дастанның 200 млн.теңгелік 300 орынды орындары. Аталған жобалар 2017 жылы іске қосылады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша туризм саласынағы 3 жобаға 39,0 млн теңгеге субсияландырылды. Сонымен қатар, 2016 жылы облыстық әкімшіліктен 2,0млрд+Даму қорынан 1,0 млрд. тенге барлығы 3,0 млрд теңге шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген болатын. Ауданның 4 жобасы 249,0 млн теңгеге қаржылындырылса осы бағыт бойынша 3 жоба 215,0 млн теңгеге туризм саласына бөлінді.
Көл жағалауының инфрақұрылымын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы облыстық бюджеттен 163 млн 895 мың тенге қаражат бөлініп, Ақши ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория 25 қатысушыға салынып іске қосылды.
Алакөл көліне көліктік қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жазғы демалыс маусымында «Алматы - Достық» бағытында жүретін № 452/451 туристік пойызы аптасына 3 рет қатынады. Сонымен қатар, «Алматы-Үшарал – Ақши - Көктұма» маршруты бойынша күніне 10 автобус жолаушыларды тасымалдайды.
Ақши ауылы бойынша ішкі жолдар мен көшелерді қалыпқа келтіру мақсатында 23 шақырым жолға құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны 2 млрд 998 млн теңге.
Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 259,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Ақши ауылында ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Көл жағалауының инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін, Ақши ауылының кәріз жүйесінің жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 11 млн. 23 мың. теңге, Көктұма ауылының кәріз жүйесінің жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 9 млн.93 мың. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде жоба дайындалып, келер жылдан құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы «Тұрғын үйлерді қайта жаңғырту 2020» бағдарламасы бойынша Ақши ауылында орналасқан 14 көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әуе қатынасы қайта жаңғыртылған жағдайда Алакөл ауданына шет елден және Қазақстанның әр түпкірінен келетін демалушылар санының артары сөзсіз.
Алакөл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 12 мамырдағы № 183 Қаулысымен «Авиакомпания «Жетісу» АҚ-на Үшарал қаласының аэродромына құрылыс жүргізу және қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзіміне уақытша өтеулі пайдалану құқығына 3,0 га жер телімі бекітіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.2017 жылдың маусым айларына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Әлемдегі дамыған елдердің қай-қайсысы да осы шағын және орта кәсіпкерлікті және туризмді бірінші орынға қою арқылы өркендеген.
Біздің аудан географиялық орналасу жағынан туризмнің барлық түрлерін, атап айтсақ, экологиялық, танымдық, спорттық, емдеу-сауықтыру және аңшылық туризімді дамытуға қолайлы.
1998 жылы құрылған «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» экологиялық туризмді дамытуға зор үлес қосуда.
Қорық аймағында 300-ден астам құс мекендейді, олардың 40-тан астамы ҚР-сы Қызыл кітабына кірсе, реликті шағала әлемдік «Қызыл кітапқа» енген. Қорық қызметкерлері экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында 5 туристік бағыт ұйымдастырған.
5 туристік сапар желісінің екеуі қорық аймағымен өтеді.
Сонымен қатар, агротуризімді дамытуға аудандағы Лепсі, Жыланды өңірлері өте қолайлы. Осы салада былтырғы жылы «Жер-Су» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бастамасымен Лепсі ауылына 8 бас зубр Белоруссия мемлекеті «Беловежская пуща» жерінен жеткізілді.
Бүгінгі күні республикамызда 18 зубр мекендейді. Оның 10-ы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болса, 8-і Лепсі ауылында. Сондай-ақ, Жыланды ауылдық округіне қарасты Көкжар учаскесінде 123 бас қодас өсіріледі.
Алакөл көлі демалыс орны ғана емес, шипалы қасиетімен де танымал. Емдеу-сауықтыру туризімін дамыту бойынша Ақтүбек ауылында «Алакөл – Арасан» балшықпен емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Орталықтың күніне 18 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.