EXPO жаңалықтары:Берлиндік Lautten Compagney оркестрі және флейташы Maurice Steger ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді
The Independent ұйғарымынша, швейцарлық Морис Штегер "саусағынан бал тамған әлемдегі үздік флейташы". Бүгінде Штегер заманымыздың жетекші оркестрлерімен, соның ішінде Цюрихтің камерлық оркестрі, Франкфурттың Симфониялық оркестрі, Берлиндік Филармония оркестрімен өнер көрсетеді.
Концерт 2017 жылдың 30 маусымында өтеді.
Алакөл ауданының ТЖб «ҚАУІПСІЗДІК ӘР ҮЙГЕ» АКЦИЯСЫ ЭСТАФЕТАСЫН ЖАЛҒАСТЫРДЫ
Өрт және өрттен адамдар өлімі санын, улы газдан улануды азайту мақсатында өткізіліп жатқан, Ақмола облысы ТЖ департаменті бастаған «Қауіпсіздік әр үйге» акциясын №26 ӨСБ-мен бірлесіп Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жалғастырды.
Үшарал қаласының №1 орта мектептің ішінде оқушылар, өлеңдер оқып, жүргізуші тарапынан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барысында Алакөл ауданының ТЖБ, №26 ӨСБ қызметкерлері оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесі, түрлі жағдайлар кезінде қалай әрекет ету және қауіп-қатер орын алған жағдайда қайда қоңырау шалу қажет екендігі туралы айтып өтті.
Оқушылар №26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілерін зор ықыласпен тыңдады.
Алакөл ауданының ТЖБ
Үшарал әуежайы маусымда авиарейстерді қабылдай бастайды
Алматы облысының Үшарал қаласында жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Алакөл ауданы туризмінің әлеуеті туралы айтылған брифингте аудан әкімі Әлібек Жақанбаев мәлімдеді. Аудан басшысы құрылысжұмыстарының 2015 жылы басталғанын, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 896,9 млн. теңге бөлінген болса, оның 21,0 млн. теңгесі – 2015 жылы, ал 348,7 млн. теңгесі былтыр игерілгендігін атап өтті. Ағымдағы жылы қалған 527,2 млн. теңге қаржыны игеру көзделіп отыр.
Толық мәлімет