EXPO жаңалықтары:Берлиндік Lautten Compagney оркестрі және флейташы Maurice Steger ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді
April 14, 2017 at 10:50 am,
No comments
"Lautten сompagney" оркестрі Германияның үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оркестр гастрольдік сапарларға жиі шығып, ірі концерттік алаңдарда концерттер беріп тұрады. The Independent ұйғарымынша, швейцарлық Морис Штегер "саусағынан бал тамған әлемдегі үздік флейташы". Бүгінде Штегер заманымыздың жетекші оркестрлерімен, соның ішінде Цюрихтің камерлық оркестрі, Франкфурттың Симфониялық оркестрі, Берлиндік Филармония оркестрімен өнер көрсетеді.
Концерт 2017 жылдың 30 маусымында өтеді.